Жаңалықтар
Тренд

Солтүстік Қазақстан облысында жылына 12,7 мың тонна тәтті бәліш пен қытырлақ нан өндіретін жоба жүзеге асырылуда

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында тағам өнімдерін өндіретін заманауи кәсіпорын салу жөніндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыру жалғасуда. Жоба «Хлебпром» акционерлік қоғамы тарапынан «Бейкертон» және «МЕЛАС» компанияларының қатысуымен қолға алынуда.

Орындалу мерзімі 2023–2027 жылдар аралығын қамтиды.

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 12 670 тонна тәтті бәліш, торт және қытырлақ нан өнімдерін өндіруге есептелген.

Жобаның жалпы құны 37,3 млрд теңге. Оның 26,1 млрд теңгесі инвесторлардың өз қаражаты есебінен қаржыландырылса, 11,2 млрд теңге қарыз қаражат ретінде тартылған.

Өнімді негізінен Қазақстан мен Ресей нарықтарына бағытталған. Сонымен қатар өнім көлемінің 98 пайызы экспортқа шығарылады деп жоспарланып отыр.

Бұл өңірдің сыртқы экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда жоба белсенді түрде іске асырылуда. Қазіргі уақытта жеткізілуі 2026 жылдың қаңтар айына межеленген қаптама жабдықтардың келісімшарты жасалған.
Сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button