ЖаңалықтарСұхбат

Сыбайлас жемқорлық пен непотизм: Ауыл шаруашылығын не күтуде?

Кеңес үкіметі тұсында тыңның орталығына айналған Қазақстан Одақ көлеміндегі тың және тыңайған жерлерді игерудің жалпы 42 миллион гектар жерінің, жерді игерудің алпыс пайызын, яғни 26 миллионын қамтыды. Қазір де астық ел экономикасының ажырамас бөлігі, оның азық-түлік қауіпсіздігі, әртүрлі елдер арасындағы сауда қатынастарындағы маңызды тауар және болып қала береді.

Біздің материалда астық өндірудің әртүрлі аспектілеріне, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қызметіне, салаға мемлекеттік қолдау көрсетуге, тауар алмасудың мәселелеріне және өндірістің өзіндік құнына қатысты көптеген өзекті мәселелер көтеріледі. Сұрақтарымызға Қазақстан Астық одағының өкілі Евгений Қарабанов жауап беруге келісті.

-Евгений Александрович, БҰҰ сарапшыларының пікірінше, Украинадағы соғыс әлемдегі азық-түлік тапшылығына әкелуі мүмкін. Астық тапшылығы бізге қауіп төндіріп тұрған жоқ па?

— 2022 жылғы егін жинау қорытындысы бойынша бидай өнімі 16,3 млн тонна, ал тазартылғаннан кейінгі салмағы 14,6 млн тонна болды. Бұл елдің ішкі қажеттілігіне жетеді. Сондай-ақ Ресейде де өткен жыл жемісті болды. Олар толық емес 5 айда біздің елге шамамен 1,4 миллион тонна бидай экспорттады. Сондықтан биыл астық тапшылығы болмайды.

— Бұл жерде екінші сұрақ туындайды: егер бидайымыз жеткілікті болса, онда неге ресейден не үшін сатып аламыз?

— Себеп бағада. Біздің астық өңдеу өндірістеріміз, соның ішінде ұн тартқыштар (әсіресе шекара маңындағы облыстарда), ет-құс шаруашылықатры арзан ресейлік астықты қуана сатып алады. Сонымен қатар, бізде жыл бойы құс өсіруге қажетті жемдік астық жоқ.

— Көрші мемлекеттің өнім сапасы қандай өзі?

— Елімізде жоғары сапалы астық бар. Алайда, астық өңдеушілер Ресейде сапасы төмен бидайды сатып алып, сапасы төмен  ұн жасайды. Тиісінше, өнімнің құны арзандайды. Менің ойымша, арзан ресейлік астықты сатып алуда тұрған ештеңе жоқ. Арзан сатып аламыз — екі есе қымбат сатамыз. Бұл нарық.

— Бірақ біздің астық өндірушілерге кесірі тиіп жатқан жоқ па?

— Әрине, отандық фермерлер астығы құнын жоғалтады. Бірақ заңды түрде әкелінсе қорқынышты емес, заңсыз келген «астыртын» астық түскен кезде жаман. Оған ешқандай салық салынбайды, сәйкесінше оның бағасы әжептәуір арзан, бұл экспорттық бағаны төмендетеді. Ал салығын төлеп, заңмен істеп отырғандар бағаны төмендете алмайды, өйткені астықты фермерлерден сатып алады. Мұнда көлік шығындарын, трейдерлердің қызметтерін және т.б. қосыңыз, сондықтан амал жоқ алатын бағаны «төмендетуге» мәжбүр, бұдан сайып келгенде дихандар жапа шегеді.

— Біз қазір бидайды қандай елдерге экспорттаймыз?

— Бидайдың, ондағы глютеннің сапасын ескере отырып, негізгі тұтынушылар Орта Азия елдері: Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, сонымен қатар Иран, Ауғанстан, экспорттың шамамен 85% — ы осы мемлекеттерге тиесілі. Макарон өндіруге арналған қатты бидайдың аз мөлшерін ЕО елдері сатып алады: Италия, Швеция, Польша. Аз ғана-Әзірбайжан мен Грузия.

— Неліктен Францияда 30 — ға жуық ұн түрі шығарылады, ал біздің елде тек 3 түрі бар? Сорттардың санын көбейтуге, сол арқылы басқа елдердің тұтыну нарықтарына шығуға не кедергі?

— Жалқаулық, өз кәсібіне жүрдім-бардым қарауы. Тапсырыс берушінің тілегін орындады үйрену керек деп санаймын. Мәселен, Өзбекстан мен Тәжікстан сияқты көрші елдерде нан, макарон, круасан және т.б. үшін бөлек ұн сортын шығара бастады. Ал біздің өндірушілер арнайы жабдықты сатып алуға, маман жалдауға, сату нарықтарын іздеуге алаңдамайды. Мысалы, Қытай алдымен бізден 1-2 вагон ұн сынамасын сұрады, алайда ұн тартушылар бұл аз деп бас тартты. Олар үлкен көлемді партиямен айналысқылары келеді. Қараңыз, түріктер сатушы үшін керемет жұмыс істейді. Егер олардан ұн салынған екі вагон сұралса, онда олар қажетті мөлшерді сөзсіз жібереді, артынан үлкен тапсырыс алады. Ал біздің өңдеушілер жаңа нарық таба алмаймыз деп шағымданып жүреді. Жұмыс істейтін уақыт келді, сонда ғана көкжиек ашылады.

— Астық өндірісі көп факторға байланысты: топырақ құнарлылығы,материалдық — техникалық база, тұқым қоры,жанар-жағармай материалдарымен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, кадрлардың болуы және ауа-райы. Ауыл шаруашылығы тауарларын несиелеу түрінде мемлекеттік қолдау туралы не айта аласыз, бұл қаржылық қолдау барлығына тиеді ме?

— Дұрыс айтасыз, барлық фермерлер несие ала алмайды. Мемлекеттік компаниялардан басқа Аграрлық кредиттік компания және «ҚазАгроҚаржы» мекемелері, болдв фермердің басқа баратын жер жоқ. Екінші деңгейдегі банктер жоғары тәуекелдерді қабылдағысы келмейді, төмен пайыздық мөлшерлемені ұсына алмайды. Оларға өз ақшаларын фермерге несие беруден гөрі жылдық 14% кіріс әкелетін Ұлттық банкке салған ыңғайлы. Ал  мемлекеттік қаржы ұйымдары өз кезегінде әркімді қаржыландыра алмайды. Кепіл мүлкіне қатысты тағы бір мәселе. Егер жер немесе жылжымайтын мүлік ауылдық жерде болса төменгі ставка жылжымайтын мүлік құнының 0,3-0,4% құрайды. Егер кепіл қалада болса, онда 0,7-0,8%. Фермерлерге сома емес, кепіл мүлкі жетіспейді.

— Бұл жағдайдан шығудың жолы қандай ?

— Екінші деңгейдегі банктерге белгілі бір пайызды белгілеуді міндеттеу қажет. Оларға қиын болған кезде мемлекет қолдады, қарыздарын қайтатарын кез келді. Мемлекеттің фермерлерге талап қойып, өнімнің бір бөлігін отандық нарыққа белгіленген бағамен жеткізуге міндеттейді. Олай болса банктерді де фермерлерді қаржыландыруға міндеттесін. Өткен жылы фермерлер шамамен 320 млрд теңге субсидия алды, бірақ шамамен бір триллион қажет.

— Бұл үлкен айырмашылық. Аграрийлер жетпейтін қаржыны қайдан алады?

— Үнемдейді. Тыңайтқыш аз себеді, тұқымдар мен техниканы  жаңартпайды. Қазір  ауыл шаруашылығы техникасының тозуы шамамен 80% құрайды. Бұл саланы ұзақ уақыт қаржыландырылмаудың нәтижесі.

Неліктен ресейлік астықтың сапасы жоғары? Оларда лизинг, несие бар. Осының арқасында агротехникалық кешендер құрылған, өнімділігі жоғары және өнімдерін арзанырақ сатады.

— 1 триллион теңге-үлкен сома. Неліктен қаржыландыру мәселесі шешілмейді, оның себептері қандай?

— Сұрағыңызға толық жауап беру үшін мен бірнеше объективті себептерді атайын. Саланы қаржыландыру қазір екі есе өсті, бірақ компоненттер 2,5-3 есе қымбаттады. Ауыл шаруашылығы техникасы 60-80% қымбаттады. Минералды тыңайтқыштардың бағасы 100% — ға көтерілді. Тұқымдар екі есе қымбаттады, өсімдіктерді қорғау құралдарының бағасы 60-тан 150% — ға дейін өсті. Мұның бәрі бір жылда болды.

Доллардың өсуі де көп шығын әкелді. Бұл ескі логистикалық жолдардың жабылғандығына байланысты: Қытайдағы коронавирус эпидемиясы, Украинаның айналасындағы геосаяси жағдай, барлығы бір-бірімен байланысты. Мен астықты тасымалдау үшін көлік шығындары туралы айтпай-ақ та қояйын. Мысалы, егер бір кездері Қара теңіздегі Ресей портына жеткізу 60 долларды құраса, қазір оның құны 100 доллардан асты. Егер Ресейдің Қара теңіз портынан Италияға жеткізілім шамамен 75-80 долларды құраса, қазір — 130. Еліміз Халықаралық экономикалық жүйеге интеграцияланған, бәрі біздің фермерлерге әсер етеді.

Маңызды мәселелердің ішінде басқарудың әлсіздігін атап өткен жөн. Сыбайлас жемқорлық, тамыр-таныстық қазіргі мүшкіл жағдайға әкелді. Осы саладағы экономиканың дамуы үшін белгілі бір компоненттер қажет, олардың ішінде ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын өндіру, тыңайтқыштар шығаратын зауыттар санын көбейту, көлік инфрақұрылымы, отын энергетикасы, логистика мінсіз күйде болуы керек. Егер тауардың құнына әсер ететін логистикада проблемалар болмаса, онда бағалар күн санап өспес еді. Мұның салдарын емес, себебін жою керек. Біз керісінше істеп жатырмыз. Егер техниканы жаңартпасаңыз уақыт өте келе жарамсыз болады. Егер біз жағдайды түбегейлі өзгертпесек, онда бәсекелестік, бәсекеге қабілеттілік туралы айтудың мағынасы жоқ. Фермерлер тегін, қайтарымсыз көмек сұрамайды. Бізге көмектессін, несиелерді қолжетімді етсін.

— Бағаны ұстап тұру ауыл шаруашылығына қалай әсер етеді?

— Бағаның өсуіне қарсы күрес басталған кезде өндірушілер мен қайта өңдеушілерді қыса бастайды. Бұл әділетсіздік. Абсолютті нарықтық экономика болуы керек. Егер сіз азаматтарға көмектескіңіз келсе, онда АӘК қолданыңыз. Атап айтқанда, АҚШ-та 100 жылдан астам уақыт бойы аз қамтылғандарға арналған карта жүйесі қолданылып келеді. Бізде арзан нан кедейлер үшін де, байлар үшін де арзан. Әлеуметтік нанның құны 100 теңге, оны екінші күні жеуге болмайды. Сапасыз. Ал фермерлер өз өнімдерін арзанға сатуға мәжбүр. Біздің бағамыз жоғары емес, табысымыз төмен.

— Біздің мазмұнды әңгімеміздің соңында не айта аласыз?

— Біздің фермерлер туған жердің патриоттары. Мемлекет «Қазақстанда өндірілген» белгісімен сапалы өнімнің әлемдік нарығында бәсекеге қабілетті тауар өндірушілер болуы үшін ел экономикасының осы маңызды саласын лайықты деңгейде қаржыландыруы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button