Сыйымдылығы 9000 тонна астық сақтау қоймасының құрылысы басталды
Түркістан облысына қарасты тоғыз жолдың торабы саналатын Арыс қаласы бүгінде күннен күнге даму үстінде. Қалада бүгінде жалпы халық саны 79033 адам (қала халқы-52025 адам, ауыл халқы-27008 адам), қала аумағы 765,4 мың га құрайды.
Фото: открытый источник
Қаланың құрамына 6 ауылдық округ кіреді. Жалпы халықтың 32,3 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны-30,6 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,1%, жастар жұмысдық деңгейі 3,6%. 6 ауылдық округ және қала тұрғындарымен 26 рет кездесіп, 171 үсыныс-пікірлер түсті. 2023 жылы 6 ауылдық округ және қала тұрғындарымен 7 рет кездесіп, 25 ұсыныс-пікірлер түсті. Ұсыныс-пікірлер бойынша іс-шара түзіліп, орындалуы бақылауға алынған.
Қаланың әлеуметтік — экономикалық көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, барлық көрсеткіштер оңды динамика көрсетуде. Тек тұрғын үйді іске қосу 13975 шаршы метрді құрап нақты көлем индексі 48,1% құрады.Жеке тұрғын үйлер бойынша13 975 шаршы метр орындалып, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 113,3% құрады. Себебі бюджет есебінен көп қабатты тұрғын үйдің салынбауынан бекітілген межеге жете алмады.
Қала бойынша 5 жылда жалпы құны 93,0 млрд.теңгелік 42 инветициялық жоба іске асырылып, 1209 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Өңдеу өнеркәсіп саласы-10, машина жасау-1, Туризм саласы-2, Білім саласы-9, Агроөнеркәсіп саласы-16, Балық өсіру-4.Транспорт логистика-1. Бұл қазіргі жоспарымыз, алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстардың қарқыны өсетін болады. 2023 жылы 30,4 млрд.теңгені құрайтын 15 инвестициялық жобалар іске асырылып, 256 жұмыс орны ашылады.»TURKESTAN AGRO.KZ» ЖШС 50 мың бас ІҚМ бордақылау алаңын ашу (2023 жылы 1-этап, 25 мың бас мал бордақылау алаңының құрылысын бастау) жоба құны 8,7 млрд. теңге. «KAZPLEMZAVOD» ЖШС 10 000 бас ірі қара малды өсіру және көбейту (2023 жылы 3550 асыл тұқымды ІҚМ Ресейден импорттайды) жоба құны 2 млрд. 275,0 млн. теңге.“KING MILK” ЖШС Түйе сүтін қайта өңдеу, ұнтақталған өнім шығарып экспорттайды, жоба құны 250,0 млн. теңге. Қуаттылығы 6 тонна ұнтақталған түйе сүтін шығарады. «DERMENE AGRO GROUP» ЖШС Балық өсіру, көбейту жобасын іске асыружоба құны 50,0 млн. теңге. 50,0 мың “сазан” тұқымдас шабақ өсіріп, балық шаруашылығын дамытып отыр. «ҚАРАТАУ ТРАНС СЕРВИС» ЖШС Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу жоба құны 11,0 млрд. теңге. Қуаттылығы жылына 50,0 мың тонна мұнай өңдейді.»MEGA-AGAT» ЖШС 1.Поливинилхлорид түйіршіктерін және қоспасын шығаратын зауыт жобасының құны 500,0 млн. теңге.
Қуаттылығы 300,0 тоннаполивинилхлорид түйіршіктерін шығару. 2. Пластикалық құбырлар шығаратын зауыт жобасы жалпы құны 800,0 мың АҚШ доллары. Қуаттылығы тәулігіне 2500 метр пластик құбырларын шығарады.
Бұдан бөлек «MEGA-AGAT» ЖШС Арыс қаласынан транспорттық-логистикалық орталығының құрылысы басталды. Жоба құны 4,0 млрд. теңге. Жобаның мақсаты көршілес ТМД елдерінен алыс-жақын Азия, Европа елдерінен тауар айналымын күшейтіп, халыққа азық-түлік бағасын қол жетімді етіп тұрақтандыру. Нысанның жобасы Европаның «А» стандартына сәйкес болады.
Жобаның аумағы 6 га, салынатын ғимараттың көлемі 15000 шаршы метрді құрайды. Оның ішнде 3000 шаршы метрі желдеткішпен жабдықталған көкеніс сақтау қоймасы, 12000 шаршы метрі қатты заттар сақтау қоймасы болады.Сонымен қатар сыйымдылығы 9000 тонна астық сақтау қоймасының құрылысы басталды. Жоба құны 600,0 млн. теңге. Облыс әкімі Д.Сатыбалдының қатысуымен Қытай Халық Республикасының Чжэцзян провинциясы, Ханжоу қаласында Қазақстанның «MEGA-AGAT» ЖШС және қытайлық «Чжэцзян Навэс Индустри энд трэйд КО ЛТД» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат аясында 10,0 млн. АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция арқылы радиаторлар, газ қазандықтары, жылы еденге арналған коллекторлар өндірісі жүзеге асырылады. Өткен жылы ауданда 23,5 млрд.теңге ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді. НКИ 110,4% құрады. Облыс бойынша 4 орында. Өндірілген ет өнімі- 8,4 мың тонна. Сауылған сүт –17,8 мың тонна.
Жұмыртқа – 7800,5мың дана. Дәнді дақыл –4,8 мың тонна. Бақша өнімдері – 73,6мың тонна. Көкеніс – 14,4мың тонна. 2023 жылы бұл көрсеткішті 25,9 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда. Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан 2023 жылға еңгізілген жоспар 15000,0 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары тапсырылған.
Алғашқы төрт айдың қорытындысына сәйкес 7292,2 гектар(оның ішінде: 7291,0 гектар жайылым; 1,2 гектар суармалы егістік) жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды немесе тапсырма 48,6 пайызға орындалды.