Жаңалықтар

Тағы 5 млн гектар жері мемлекетке қайтарылады

Елімізде пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою жөніндегі жұмысты жалғастыру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды basagro.kz.

«Биыл қосымша 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарлануда. Бұл ретте аталған жерлер бірінші кезекте ауыл тұрғындарының мал жаю қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бөлінетін болады», — деді Е. Қарашөкеев.

Министрдің м. а. AMANAT партиясының жанынан «Ауыл Аманаты» арнайы жобалық кеңсесі құрылғанын, ол министрлікпен бірлесіп ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасының сапалы іске асырылуын бақылайтынын және қадағалайтынын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button