Жаңалықтар
Түркістан облысында алғашқы баялды өнімі жиналды
2025 жылы Түркістан облысында баялды өнімін егуге 2,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жері бөлінді. Негізгі егіс алқаптары Сарыағаш, Сайрам, Жетісай, Келес және Түлкібас аудандарында шоғырланған, деп хабарлайды BasAgro.kz.
Болжам бойынша, баялды өнімін жинау көлемі шамамен 52 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда өңірдің диқандары алғашқы өнімнің 2,9 мың тоннасын жинап үлгерді.
Көкөніс өсірушілер мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланып келеді. Атап айтқанда, субсидиялау бағдарламасы аясында минералды тыңайтқыштарға жұмсалған шығынның 50–60%-ы, сондай-ақ пестицидтерге, гербицидтерге және биологиялық күрес құралдарына кеткен шығынның 50%-ы өтеледі. Бұдан бөлек, саланың дамуына септігін тигізетін өзге де қолдау түрлері көрсетілуде.