Жаңалықтар
Түркістан облысында бидай тиелген вагондар жолдан шығып кетті
Түркістан облысы Манкент стансасында жүк тасымалдаушы пойыз жолдан шығып кетті. Вагондарға бидай тиелген, деп хабарлайды basagro.kz тілшісі.
«8 қаңтар сағат 19:50-де «Шымкент-Арыс» учаскесінің Манкент стансасында жүк пойызы вагондары рельстен шығып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар аталған оқыс оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеді», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ұлттық компания келеңсіздікті жою үшін Шымкент, Арыс стансасынан қосымша пойыздар жөнелтілгенін хабарлады.
Оқиғаның себеп-салдарын «Қазақстан темір жолы» АҚ жанынан арнайы құрылған комиссия анықтайды.