Жаңалықтар

Түркістан облысында егіс алқабы 896 мың га құрайды

Өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 896 мың гектарды құрайды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 24 мың гектарға артық.

Оның ішінде мақта алқабы 135,3 мың га, дәнді дақылдар — 338 мың га, майлы дақылдар — 72,7 мың га құрайды.

Бүгінгі таңда облыста 14 мың га егілді. Көктемгі егіс жұмыстары кезінде 17,5 мың бірлік техника жұмылдырылады (техниканың дайындығы 98% құрайды).

Егіс науқанына өңірге 55,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді.
Литріне арзандатылған дизель отынының құны 251-253 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 15% — ға төмен (нарықта 294 тг/л).

«Кең дала» бағдарламасы аясында 1141 АШТӨ 8,8 млрд.теңге сомасына қаржыландырылды.

Жалпы, биылғы жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаржыландыру 900 млрд теңгеге дейін жеткізіледі, оның ішінде 200 млрд теңге ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингіне.

Сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарына қарыз сомасының 85% кепілдік беру жалғасады, минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға Үкімет резервінен 48,4 млрд теңге қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button