Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында «Мал шаруашылығы» оқу бағдарламасы сәтті аяқталып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Салтанатты рәсімге Кәсіпкерлікті және сауданы дамыту, АҚ, ТЖ және туризмді дамыту, сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің басшысы Нұржан Сағындық Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Маржан Жауен және Шағын және орта бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Шолпан Қасымова қатысты. Олар түлектерді құттықтап, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға сәттілік тіледі.
Курс жетекшісі Гүлназ Омарова оқытудың Ұлытау облысы әкімдігі мен кәсіпкерлік басқармасының қолдауымен ұйымдастырылғанын атап өтті. Түлектер алған білімдерін тәжірибеде қолдануға дайын екендіктерін білдірді
Айта кетейік, бұл оқу бағдарламасы «Мен кәсіпкер» ұлттық жобасы аясында тегін өткізілді. Бұл Ұлытау облысы әкімдігі мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауының арқасында мүмкін болды.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында республика аумағында кәсіпкерлердің құзыреттілігін арттыруға бағытталған «Мен — кәсіпкер» жаңа тетігі іске қосылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалы директорының орынбасары Дидар Боранқұлов жаңа тетіктің мақсаты мен бағыттары туралы айтып берді.
«Мен — кәсіпкер» бірнеше саланы қамтиды. Жобаны «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады. Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдаудың бұл түрі үш бағыттан тұрады», — деді ол.
«Мен кәсіпкердің» бір тармағы «Кәсіпке бағыт» деп аталады. Бұл бағытта шағын және орта бизнес субъектілері үшін біліктілікті арттыру және салалық оқыту жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін 60 кәсіпкерді оқыту жоспарланып отыр. «Кәсіпке бағыт» аясында өтетін курстарға қатысу тегін. Соңында сертификат беріледі.