Жаңалықтар

Ветеринар «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша жемшөп дайындау бизнесін ашты

Павлодар облысындағы Еңбек ауылының тұрғыны Алтын Жолымбетова малға азық дайындау бойынша ауыл шаруашылығы кооперативін құрды, хабарлайды BASAGRO.KZ.

Жоба туралы білген ол қажетті құжаттар пакетін жинап, жылдық 2,5%-бен 13 млн теңге көлемінде шағын несие алды. Берілген қаражатқа кәсіпкер жемшөп дайындау үшін қажетті арнайы техника: трактор, шөп шабатын машина және пресс-жинағышты сатып алды. Қазір оның кәсіпорнында 12 адам жұмыс істейді. Ауыл тұрғыны «Шабындық» кооперативінің табысын есептеуі бойынша бір маусымда 4,2 млн теңгені құрайды деп болжайды.

Айта кетейік, Алтын Жолымбетова білімі бойынша ветеринариялық фельдшер, алайда көп жылдар бойы бухгалтер болып жұмыс істеген. Енді әйелдің өз ісін дамытуға және ауылдастарын жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда жобаға қатысу үшін бүкіл ел бойынша ауыл тұрғындарынан 91,5 млрд теңгеге 14,5 мыңнан астам өтінім қабылданды, оның ішінде 42 млрд теңгеге 7,5 мың шағын несие берілді. Биыл жеңілдетілген шағын несиелеуге 100 млрд теңге бөлінген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button