Жаңалықтар

Қазақстанда бидай әкелуге тыйым ұзартылды: сауда жөніндегі ВАК шешімі

Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) Қазақстан аумағына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылдады. 2023 жылдың 10 сәуірінде енгізілген бастапқы тыйым 2023 жылдың 10 қазанында аяқталады, деп хабарлайды Basagro.kz

Фото: ҚР сауда және интеграция министрлігі

Бұл шешім Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2023 жылғы 10 тамызда өткен ВАК отырысында қабылданды. Комиссия мүшелері тыйым салуды алты айға ұзарту туралы келісімге келді.

Шешім бидайды ҚР-на әкелудің және оны Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарынан автомобиль көлігімен реэкспорттаудың «сұр схемаларын» болдырмау мақсатында қабылданды.

Бұл ретте, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқым материалымен қамтамасыз ету мақсатында тұқымдарды автокөлікпен жеткізуге рұқсат етіледі. Бірақ бұл жағдайда партиялар тұқымның сапасы туралы куәлікпен қоса бірге жүруі керек. Бұдан басқа, лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің, құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына жеткізілімдерді қоспағанда, импорттық бидайды Қазақстан аумағына және теміржол көлігімен әкелу шектеледі. Автокөлікке тыйым салуды ұзарту және теміржол шектеулерін енгізу туралы бұйрықты ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлейтін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button