Жаңалықтар

«Үздік сауыншылар» 25 кг ұн ұтып алды

Астанада өтіп жатқан KazAgro (өсімдік шаруашылығы) және KazFarm (мал және ет-сүт өнеркәсібі) ірі салалық көрмелері аясында Үздік сауыншы» байқауы өткізілді. 

Бәсекелестердің тәжірибесі де, жынысының да маңызы болған жоқ.  Ұйымдастырушыларды таң қалдырғаны, байқауға қатысушылардың 80 пайызы ер адамдар болды.

Шарт бойынша қатысушылар 2 минут ішінде ең көп сүтті саууы керек еді.  Жүлде – ауылшаруашылық өнімдерінен жиналған бір букет және 25 кг ұн.

Ерлер арасында көрмеге Ақмола облысынан келген Аяз Жеңісов жеңімпаз атанды.

«Мен сүт фермасында бригадир болып жұмыс істедім. Бірақ кәсіпорында машинамен сауатын болғандықтан, өз басым ешқашан сиыр сауып көрген емеспін. Осындай байқаудың өтіп жатқанын көріп, көңіл көтеру үшін қатысуды жөн көрдім. Бір таң қалғаным, 820 мл сүт сауып, жеңіске жеттім», — деп өз әсерімен бөлісті ол.

Әйелдердің арасында көрмеден хабар таратуға келген «Қазақстан» телеарнасының журналисі Әйгерім Хамит жеңімпаз атанды.

 «Бұрын бір-екі рет сиыр саууға тырыстым. Бірақ мен бай тәжірибем немесе жақсы шеберлігім бар деп айта алмаймын. Нағыз сиырда емес, аппаратта жарысқандықтан, біраз қиын болды. Бірақ тұтастай алғанда, қызықты және көңілді өтті», — деді жеңімпаз.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button