Жаңалықтар

Жайылымдарды жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау нормалары қарастырылып жатыр

Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылайтын болады.

«Аталған заңының жобасын Парламент депутаттары әзірледі. Бұл құжат Жер және Орман кодекстеріне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Жайылымдар туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді», — деді Мәжіліс депутаты Берік Оспанов палатаның жалпы отырысында.

Заң жобасының мақсаты — жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру.

«Атап айтқанда, жайылымдық жерлерді пайдаланбағаны үшін тиіс іс-шаралар күшейтіліп, халықтың қажеттілігіне арналған жайылымдарды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салынады. Жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі жоспардың мазмұны мен мерзімдері өзгертіледі, уәкілетті органдардың құзыреттері нақтыланады, сондай-ақ шалғайдағы жайылымдарды суаруға және жайылымдарды жақсартуға жұмсалатын шығындарды субсидиялау арқылы жайылым пайдаланушыларды мемлекеттік қолдау нормалары қарастырылған. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», — деді депутат.

Дереккөз: inform.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button