Жаңалықтар

ФЕЙК: Қостанай облысындағы 23 мың гектар егістің зақымданғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Кейбір БАҚ-тағы егістіктердің жаппай шегіртке зиянкестерінен  зақымданғаны туралы жарияланымдар, оның ішінде Қостанай облысындағы зардап шеккен 23 мың га ауыл шаруашылығы жері туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады BASAGRO.KZ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Аймақтағы италиялық прусқа қарсы қорғаныс шаралары 28 шілдеде толығымен аяқталды, 387,4 мың га өңделді.

Шегірткелердің егіс алқаптарына ұшып келгу фактілеріне қарамастан, қабылданған жедел шаралар нәтижесінде расталған деректер бойынша 0,5 мың гектардан аспайтын егіс зардап шекті.

Жәндіктердің таралуы тіркелген жекелеген шаруа қожалықтарымен нүктелік жұмыс жүргізілді. Алайда егістерді бақылау кезінде ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануы анықталған жоқ.  Аумақтарды тексеру шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен жүргізілді, барлық жұмыстар тиісті актілермен тіркелді, оларға аумақтық инспекциялардың басшылары да, фермерлердің өздері де қол қойды.

Мәселен, Науырзым ауданындағы «Қошқодан С.И» шаруа қожалығындағы зерттеу алаңы 3,7 мың га құрады. Шекара маңындағы аудандардан табын шегірткесінің көші-қоны нәтижесінде осы аумақтың барлығы өңделуге тиіс болды. Фитосанитариялық іс-шараларды өткізу үшін авиатехника және аэрозольді газ генераторы жұмылдырылды. Егіс алқаптары зақымдалмады.

Жангелдин ауданында табын шегірткелері бойынша мониторинг жүргізу кезінде «Қасенов Т.Ғ.» шаруа қожалығының мақсары егістіктерінде зақымданулар байқалды. Визуалды тексеру кезінде егістікті ақбөкендердің таптауы салдарынан зақымданғаны анықталды, бұған жануарлардың тұяқтары, жатқан жерлерінің іздері мен қилары дәлел болды. Мақсары мен басқа өсімдіктердің барлық қалдықтарында ақбөкендердің қоректену белгілері болды, алайда шегірткенің салдарынан зақымдану белгілері табылған жоқ.

Айта кетейік, шегірткелердің таралу шыңы тіркелген кезінде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен оның орынбасары Әбілхайыр Тамабек Қостанай облысында болды.

Қазіргі уақытта өңірдің аумағында азиялық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 27,7 мың га немесе жоспарланған алаңның 78,1% өңделді. АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Берік Манасов зиянкестерден қорғау іс-шараларының барысын бақылау үшін облысқа барды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button