Жаңалықтар

Айдарбек Сапаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып қайта тағайындалды

Айдарбек Сапаров Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін қайтадан басқарды. Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды BasAgro.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрлігін алғаш рет 2023 жылдың қыркүйегінде басқарған болатын.

Айдарбек Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстанда дүниеге келген. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Омбы ауылшаруашылық институтын мал инженері мамандығы бойынша бітірген, мемлекеттік басқару бакалавры. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, сондай-ақ «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Еңбек жолын 1984 жылы кеңшарда есепші болып бастап, кейін мал маманы, кейін «Ноғайбай» ЖШС басқарады. 2003 жылдан бастап «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның облыстық өкілдігінде басшылық қызметте жұмыс істеді.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы қызметін де атқарған. Шал ақын, Мағжан Жұмабаев аудандарының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болды. 2022-2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button