Жаңалықтар

Етті қалай таңдауға болады?

Ет — дүкен сөресінен қарамай сатып алатын өнім емес. Таңдауды, ең алдымен, өз денсаулығыңыз үшін ақылмен жасау керек.

Етті дұрыс сақтамау — өткір ішек инфекцияларымен аурудың себептерінің бірі, сонымен қатар одан «сібір жарасы», «Бруцеллез»сияқты қауіпті аурулар таралады.

Сонымен, етті қалай таңдауға болады?!

— Етті тек ұйымдастырылған сауда орындарынан, яғни дүкендер мен базарлардан және супермаркеттерден сатып алыңыз!!!

— Еттің сыртқы түрі мен иісіне көңіл бөліңіз. Еттің иісі шикі еттің өзіндік иісіне тән болуы керек.

— Таңбалауға назар аударыңыз! Таңбалауда міндетті түрде: өндірушінің атауы және оның мекенжайы, өнімнің түрі, дайындалған күні, сақтау шарттары (температуралық режим), сақтау (өткізу) мерзімі көрсетілуі тиіс.

Сатушылардан «ветеринариялық ілеспе құжатты» көрсетуді талап етіңіз. Сіздің оны сұрауға құқығыңыз бар. Сойылғаннан кейінгі етке міндетті түрде ветеринариялық ілеспе құжаттарды бере отырып, етті толық ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізеді. Ветеринариялық ілеспе құжат (түпнұсқа) ет толық сатылғанға дейін сатушыда сақталуы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button