Жаңалықтар

Атырау облысында суда оттегінің жетіспеушілігінен мөңке балықтарының шабақтары қырылды

ҚР АШМ Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына Атырау облысының Жылыой ауданындағы «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбырының 64-ші және 72-ші шақырымында балық қырылуы туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қауіп-қатері және (немесе) қырылуы анықталған кезде өзара іс-қимыл схемасына сәйкес барлық мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етілді.

Комиссия шабақтардың қырылған жеріне барды, ақпарат расталды. Жиналған шабақтардың салмағы 127 килограмм.

Атырау облысы бойынша экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамаларын алды. Шабақтардың қатты ыдырауына байланысты, балықтың қырылу себептерін анықтау үшін сынама алу мүмкін болмады.

Көктемгі су тасқыны салдарынан Жем өзені арнасынан асып, шабақтар өзен суымен таяз ойықтарға жиналған.

Балық шабақтары қырылуының болжамды себебі суда оттегінің жетіспеушілігі.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, санитарлық нормаларды сақтай отырып, қырылған балық шабақтарын жинау бойынша жұмыс жүргізілді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button