Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстандық дихандар 4,4 миллион гектар алқаптан астық жинауды көздеп отыр

Оның ішінде — 3,3 миллион га –дәнді және бұршақты дақылдар, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Ағымдағы жылы облыс бойынша ауа-райы жағдайлары егу үшін де, вегетациялық кезеңнің басталуы үшін де қолайлы болды.

Бүгінгі таңда астық дақылдарының 76,5% -ы жақсы жағдайда, 23,5% -ы қанағаттанарлық жағдайда.
Жаппай егін жинау науқаны тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. Кейбір фермерлер егін жинауға кірісті.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері сапалы өнім алу үшін көктемгі-жазғы кезеңде үлкен жұмыс жүргізді. Сортты жаңарту бойынша жұмыс жүргізілді, арамшөптерге қарсы 3 326,6 мың га, зиянкестер — 1178,5 мың га, аурулар — 1104 мың га өңделді.

Облыстың агроқұрылымдары 3,2 млн. га алқапқа 254,6 мың тонна тыңайтқыш енгізді.

Жалпы, егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін өңірде 7,3 мың астық жинайтын комбайн бар, оның ішінде 3,9 мың бірлік жоғары өнімді, 12,7 мың трактор, 9,1 мың трактор тіркемесі, 4,5 мың орақ және 5,8 мың жүк көлігі.

Облыс бойынша астықты қабылдау және сақтау бойынша қызмет көрсететін 46 элеватор бар, олардың сыйымдылығы 3,2 млн. тоннаны құрайды.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы құрылымын қоса алғанда жалпы сыйымдылығы (3,7 млн.тонна) 6,9 млн. тоннаны құрайды, бұл өңірде өндірілген астықтың сақталуын толық қамтамасыз етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button