Жаңалықтар
Trending

Ауыл шаруашылығы министрі ШҚО тұрғындарымен кездесу өткізеді

2024 жылғы 17 қыркүйекте орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ШҚО тұрғындары және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде — егін жинау жұмыстарын жүргізу және аймақтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралары.

Кездесу сағат 15.15-те «Темирлан и К» ЖШС алаңында, Глубоковский ауданы, Прапорщикова ауылында өтеді.

БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат тел. бойынша: +7 775 837 8519 – Асия Нурпейсова

Сондай-ақ, өңірдің АӨК дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды temir.b.zh@minagri.gov.kz поштасына жіберуді сұраймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button