Sea Value Plc. Қазақстанда консервіленген балық өнімдерінің өндірісін іске қосатын болады
2025 жылы Алматы облысында балық өнімдерін қайта өңдеу жобасын іске асыру басталады. Жобаның инвесторы тайландтық Sea Value Plc. компаниясы.
Шикізатты қазақстандық және ресейлік балық шаруашылықтары жеткізеді деп жоспарлануда. Өндіріс қуаттылығы күніне 3-5 тонна балық өнімін құрайды. Дайын өнім Таиландқа және басқа елдерге экспортталады.
Алдағы уақытта компания ҚР аумағында өндірілетін өнім желісін кеңейтуді жоспарлап отыр, соның ішінде үй жануарларына арналған азық-түлікті, тауық ақуызын, тауықтан, балықтан жасалған мұздатылған жартылай фабрикаттарды, пісте және бадам сүтін және т.б.
Сондай-ақ, компания қазақстандық дистрибьютормен серіктестікте Алматы облысында өңірлік логистикалық хаб құру бойынша жұмыс істеуде. Хаб компания өнімдерін ЕАЭО және Орталық Азия нарықтарына импорттауға, сақтауға және таратуға арналған.
Айта кетсек, Sea Value Plc. Таиландтағы екінші ірі консервіленген тунец өндірушісі болып табылады және өз өнімдерін әлемнің 150 еліне экспорттайды.