Жаңалықтар
Trending

Франция қазақстандық жылқы етіне қызығушылық танытуда

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Францияның Қазақстандағы Елшісі Сильван Гиогемен кездесті, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы АӨК саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Министр бірінші кезектегі бағыттардың бірі — өзара сауда көлемін ұлғайту екенін атап өтті.

2024 жылдың 8 айында елдер арасындағы АӨК өнімінің тауар айналымы 67 млн. долларды құрады, оның ішінде ҚР-дан Францияға рапс тұқымдарының экспортын ұлғайту есебінен 6 есеге жуық өсті.

Кездесу барысында ұсақ мал экспортына қойылатын ветеринариялық талаптарға өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды, Synetics және «Асыл-Түлік»АҚ жүзеге асыратын ірі қара малдың қолдан ұрықтандыру және француз тұқымының көмегімен қазақ тұқымдарын жақсарту жөніндегі бірлескен жоба қаралды.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар Danonе компаниясының қуатын кеңейту және Limagrain компаниясының тұқым өндірісін Қазақстан аумағында оқшаулау жөніндегі жобаны іске асыру мәселесін талқылады.

Жыл сайын Danone зауытында жалпы көлемі 18 мың тонна жоғары технологиялық ашытылған сүт өнімдерінің 50-ден астам атауы өндіріледі, 40%-ы Орталық Азия, Кавказ және Моңғолия елдеріне экспортқа жіберіледі. Кәсіпорын йогурт өндіру үшін тек қазақстандық фермерлердің сүтін пайдаланады.

2025 жылы 730 млн теңге сомасына қосымша желі орнату жоспарлануда.

Еуропалық нарыққа жылқы етін экспорттау мәселесі де маңызды тақырыптардың біріне айналды.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында Францияда өткен Мал шаруашылығы саммиті аясында «Қайып Ата» және «Pegase BVS» компаниялары арасында жылқы етін жеткізуді ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бүгінгі таңда шаруа және фермерлік қожалықтар Францияға жылқы етінэкспорттауға қызығушылық танытуда.

Кездесу соңында Айдарбек Сапаров айтылған мәселелер елдер арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button