Қарағанды облысында жерді қайтару жоспары артығымен орындалды
Ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қарағанды облысы бойынша 161 064,0 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекетке қайтарылып, Жер ресурстарын басқару комитетімен 2024 жылға межеленген пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген 130 000,0 га жерді қайтару жөніндегі жоспар 23,9%-ға артығымен орындалды, деп хабарлайды BasAgro.kz.
Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жер пайдаланушылар 11,5 мың гектар жерді игеруге кірісті, заңсыз берілген 4 050 га жердің жалдау шартының күші жойылды, сот шешімі бойынша 12 мың гектар жер мәжбүрлеп алынып , 6 335 га бойынша істер сотта қаралуда.
Сонымен қатар, облыс бойынша қайтарылған жерлердің 94,3 мың гектары ерікті түрде бас тарту жолымен, ал 46,7 мың гектары жалдау шартының мерзімі өту себебімен қайтарылды.