Жаңалықтар

ҰЛЫТАУДАН ТҮРКІСТАНҒА: РУХАНИ ЖОЛ

2–4 қазан аралығында «Халықаралық қарттар күніне» орай Жезқазған қаласының ардагерлеріне «Ұлытау – Түркістан: рухани сабақтастық» атты тарихи-танымдық сапар ұйымдастырылды.

Сапардың мақсаты – Түркістан мен Ұлытау өңірлерінің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу және өңірлер арасындағы тарихи-мәдени сабақтастықты нығайту.

Сапар барысында Ұлытау мен Түркістан өңірлерінің қазақ тарихындағы маңызды орны, ұлттық мемлекеттілік пен руханиятты қалыптастырудағы рөлі туралы тарихи-танымдық кездесулер мен экскурсиялар өткізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button