Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы вице-министрі азаматтарды қабылдады

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов азаматтарды жеке қабылдауды жүргізді, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Түрлі мәселелер бойынша 7 адам қабылданды. Жер учаскелерін беру, саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру, мақта өсірушілерді қолдау және т. б. мәселелер қарастырылды.

Вице-министр барлық өтініштерге толық жауап берді, сондай-ақ сұрақтар егжей-тегжейлі зерттелетініне және ескерілетініне сендірді.

Министрлік басшылығы белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button