Жаңалықтар

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» мал шаруашылығы кәсіпорындарын жемдік астықпен қамтамасыз етуге дайын

Мал және құс шаруашылығы кәсіпорындарының жемшөп базасын құруға қолдау көрсету мақсатында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» жемдік астықты сатуға дайын. Мемлекеттік оператор тұрақты жұмыс істейтін 200 мың тонна астық көлеміндегі жемдік қорды қалыптастырды.

Жемшөп сатып алу үшін фермерлер жергілікті атқарушы органдарға жүгінуі керек, олар сатып алушылардың тізімін қалыптастырады және Азық-түлік келісім-шарт корпорациясына жем сатып алуға өтінімдер жібереді. Жемдік астық шаруашылықтарға белгіленген бағамен сатылады. Шикізатты жөнелту Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының элеваторларынан жүргізіледі.

2022 жылдан бастап ішкі нарықты қолжетімді азықпен қамтамасыз ету үшін Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы маусымаралық кезеңде мал шаруашылықтарына беретін жемдік астықтың резервтік қорын құрады. 2024 жылы астық операторы кәсіпорындарға 120 мың тонна жемдік бидай жөнелтті.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айы мал өсірушілер үшін ең қиын айлардың бірі болып қала береді, өйткені оның климаттық сипаттамалары мен айналым ерекшеліктері қаңтарға өте жақын.

Ауа-райына назар аударуды және шалғайдағы малдың қыстауын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button