Жаңалықтар
Trending

2025 жылы жалпы егіс алаңы 23,8 млн гектарды құрайды

Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп алдағы егіс науқанына қызу дайындалуда. Биыл ауыл шаруашылығы жалпы өнімін екі есеге арттыру мақсатындағы Жол картасына сай, егіс алқаптарын әртараптандыру жалғасады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

«Ауыл шаруашылығы дақылдары 23,8 млн гектар жерге орналастырылады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 518 мың гектарға артық. Әртараптандыру бағдарламасы шамамен 1 млн гектарды қамтиды, соның ішінде жоғары рентабельді дақылдардың алқабы 750 мың гектарға ұлғайтылады. Атап айтқанда, майлы дақылдар 365 мың гектарға, жем-шөп дақылдары 184 мың гектарға, арпа 114 мың гектарға, қарақұмық 41,5 мың гектарға, картоп 15 мың гектарға көбейтіледі», – деді министр.

Тұрақты жем-шөп базасын қамтамасыз ету мақсатында жем-шөп дақылдарының алқабын 3,4 млн гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Майлы дақылдардың көлемі 3,3 млн гектарға дейін ұлғайтылады. Жоспарланған алқаптар ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button