Жаңалықтар
Trending

Шығыс Қазақстанда марал шаруашылығы қайта жандануда

Шығыс Қазақстан облысында марал шаруашылығын дамыту жұмыстары қолға алынуда. Самар ауданында жаңа марал шаруашылығы мен пантоемдеу орталығы ашылмақ, деп хабарлайды BasAgro.kz «24KZ» арнасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта инвесторлар 200 бас маралдан бастап жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Бұл үшін қажетті құрылымдар мен білікті мамандар дайын. Бұрын бұл ауданда облыстағы ең үлкен шаруашылықтардың бірі орналасқан болатын. Ол жерде 1200 марал өсіріліп, шипажайда күніне 60-қа дейін адамға пантоем қабылдауға мүмкіндік болған.

©24.kz

Өкінішке орай, 2020 жылы құрғақшылық, қыста жем-шөп жеткізудің қиындауы және маралдардың өлімі салдарынан кәсіпорын жабылды. Бұрынғы зоотехник Ержан Байзақовтың айтуынша, бұл жағдайдан кейін көптеген маман аймақтан көшіп кеткен. Кейбір маралдар сатылды, ал қалғандары табиғатқа жіберілді.

Марал шаруашылығы – көп еңбекті қажет ететін сала болғанымен, өңірге туристерді тартуда маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда облыста шамамен 6 мың марал бар, бірақ бұл көрсеткіш соңғы 20 жыл ішінде екі есеге азайған.

«Инвесторлар пайда болса, әлбетте, қайтадан іске кіріскен жөн. Жаңа өндіріс орнату керек. Себебі, бұл өңірде облыстағы ең үлкен шаруашылықтардың бірі болған. Ауыл тұрғындары жұмыспен қамтамасыз етілді. Қыс кезінде 30-ға тарта адам жұмыс істесе, жазда пантоемдеу кезінде 60-қа жуық маман еңбек етті», — дейді марал өсіруші Ержан Байзақов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button