Жаңалықтар

Қостанай облысында 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасы іске қосылды

«Восток-1» СТФ Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін тираждау жөніндегі бағдарламаның нәтижесі болып табылады, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Жобаның құны 6,2 млрд теңгені құрады. Ферманың өндірістік қуаты-жылына 9 700 тонна сүтті өндіруге бағыталған. Фермада шведтік DelavalExportab компаниясы шығарған «Карусель» типті айналмалы сауу залы бар заманауи жабдықтар орнатылған. «AGRAL FARM» ЖШС жеткізген қора жабдықтарын монтаждау жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта бұзау қорасы мен төлдеу залында жабдықтарды орнату жалғасуда.
2024 жылы Даниядан Гольштейн-фриз тұқымының 400 құнажые әкелінді, ағымдағы жылы тағы 800 бас құнажын әкелу жоспарлануда.

«Милх» ЖШС кәсіпорнында өңделетін болады. Қазіргі уақытта 373,7 тонна сүт іске асырылды.
2025 жылдың наурыз айында екінші қора мен бұзаудың құрылысы басталады.

Өңірде сүт мал шаруашылығын дамытудағы маңызды қадам Каменскорал ауылында 1,2 мың басқа арналған екінші сүт-тауар фермасын салу болып табылады. Құны 4,3 млрд теңге болатын жобаны 2025 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарлануда.

Жалпы, 2028 жылға дейін Қостанай облысында 30 сүт-тауар фермасын құру жоспарлануда, бұл сүт өндіру көлемін жылына 150 мың тоннаға ұлғайтуға және сүт өнімдерінің импортына тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button