Жаңалықтар

Айтмұрат Мулькаманов ветеринария саласына 39 жылын арнады

Бүгінгі «Еңбек адамы» айдарының кейіпкері – Айтмұрат Нүсіпұлы Мулькаманов, Талдықорған қалалық ветеринариялық станциясы директорының орынбасары. Ол 39 жыл бойы ветеринария саласын дамытуға өз өмірін арнап, ауыл шаруашылығы мен өңірдің өркендеуіне үлкен үлес қосып келеді, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Айтмұрат Нүсіпұлы 1964 жылы 28 ақпанда Талдықорған облысы, Сарқан ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Талдықорған зооветеринариялық техникумын тәмамдап, еңбек жолын «22 партсъезд» колхозының №3 тауарлы-сүт фермасында ветеринариялық фельдшер болып бастады.

1991 жылы Алматы зооветеринариялық институтын бітіргеннен кейін бас мал дәрігері болып тағайындалды.

Кейінгі жылдары Айтмұрат Нүсіпұлы Көксу, Ескелді аудандарының ветеринариялық қызметтерінде жауапты қызметтер атқарып, Текелі қалалық ветеринариялық станциясын басқарды. Қазіргі уақытта Талдықорған қалалық ветеринариялық станциясы директорының орынбасары қызметін атқарады.

Ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесінде Айтмұрат Нүсіпұлы ветеринария саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып, мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды.

Айтмұрат Нүсіпұлы – мол тәжірибесі бар, еңбекқор, жауапкершілігі жоғары, өз ісіне адал маман. Оның еңбек жолы – бұл салаға қызығушылық танытқан жас мамандар үшін үлкен үлгі болары сөзсіз!

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button