Жаңалықтар

Қазақстан мен Жапония ғалымдары жаңа гербицидті сынап жатыр

Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында Sumitomo компаниясының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Онда институт ғалымдары — Камалдин Шермағамбетов, Гүлсім Баймбетова және Айдос Жалбыров — күріш алқаптарында жаңа жапон гербициді NC-656-ны сынау барысы мен қазіргі нәтижелерді талқылады.

Сондай-ақ, алдағы жоспарлар мен жаңа тәжірибе алаңдарын ұйымдастыру жайы қарастырылды.
Кездесуде жапондық препараттарды қант қызылшасы мен жаздық арпада қолдану мүмкіндігі де қаралды.

Тараптар агротехнологиялар бағытында әріптестікті жалғастырып, ортақ жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Осындай ынтымақтастық Қазақстан ауыл шаруашылығына жаңа шешімдерді енгізуге жол ашады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button