Жаңалықтар
Тренд

А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында (АШҒӨО) Дала күні өтті

Ақмола облысында «Қазақстанның құрғақшылық жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты өндіру» тақырыбында Дала күні ұйымдастырылды. Іс-шараны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы өткізді.

Алаңға өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, ғылыми ұйымдардың өкілдері, отандық және шетелдік аграрлық компаниялар, сондай-ақ атқарушы органдар мен мемлекеттік құрылымдардың мамандары жиналды.

Дала күні барысында орталықтың жетекші ғалымдары мен тәжірибелі мамандары қуаңшылыққа төзімді отандық сұрыптардың соңғы жаңалықтарын – дәнді, майлы, дәнді-бұршақты, жармалық және малазықтық дақылдарды таныстырды. Сондай-ақ тұрақты үлескілерде климаттың өзгеруіне бейімделген агротехнологияларды әзірлеуге бағытталған көпжылдық зерттеулердің нәтижелері көрсетілді.

Арнайы көрмеде заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен инновациялық технологиялар ұсынылды.

Іс-шара тәжірибе алмасу, агробизнес саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және серіктестік байланыстарды нығайту үшін тиімді алаңға айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button