Қазақстандағы пияз бен картоптың теңгерімді болжамы. 2025 жылғы қыркүйек

Пияз
2024 және 2025 жылдардағы Қазақстандағы пияз теңгерімін салыстырғанда мынадай өзгерістер байқалады:
Экспорт: 264 682 тоннадан 2025 жылы 169 150,24 тоннаға дейін төмендейді деп күтілуде.
Импорт: 137 281 тоннадан 148 041 тоннаға дейін артады деп болжанып отыр.
Өндіріс: 756 744 тоннадан 1 074 214 тоннаға дейін өседі. Бұл егіс алқаптарының кеңеюі мен өнімділіктің артуын көрсетеді.
Шығындар мен өндірістік тұтыну: 96 185 тоннадан 128 905,6 тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл жалпы өндіріс көлемінің артуына сәйкес келеді.
Халықтың тұтынуы: 629 344 тоннадан 1 053 104,8 тоннаға дейін артады
Жан басына шаққандағы тұтыну: 31 кг-нан 51,6 кг-ға дейін ұлғаяды.
1 кесте. ҚР пияздың ресурстар мен пайдаланым теңгерімі (тонна) | ||||||
Жылдар | Экспорт | Импорт | Өндіріс | Шығындар (7%) және өндірістік тұтыну (5%) | Халықтың тұтынуы | Жан басына шаққандағы тұтыну |
2022 | 187 406 | 196 402 | 1 113 998 | 133 680 | 1 122 994 | 56 |
2023 | 130 310 | 199 382 | 812 780 | 97 534 | 881 852 | 44 |
2024 | 264 682 | 137 281 | 756 744 | 96 185 | 629 344 | 31 |
2025 | 169 150,2 | 148 041 | 1 074 214 | 128 905,6 | 1 053 104,8 | 51,6 |
Ескерту: *болжамды бағалар ** статистика — 2025 жылғы қаңтар-шілде айлары, фитосертификаттар және орташа мәндер Халықтың саны — 20 407 844, тамыз, 2025 жыл. |
Картоп
2024 және 2025 жылдардағы Қазақстандағы картоп теңгерімін салыстырғанда мынадай өзгерістер байқалады:
Экспорт: 565 250 тоннадан 473 818,6 тоннаға дейін аздап төмендейді деп болжануда. Қазақстан экспорт нарығында белсенділікті сақтайды, бірақ көлемі алдыңғы маусымнан сәл аз болады.
Импорт: 71 551 тоннадан 245 120 тоннаға дейін артады.
Өндіріс: 2 634 610 тоннадан 2 745 752,5 тоннаға дейін өседі. Бұл егіс көлемінің артуы мен қолайлы жағдайларға байланысты.
Шығындар және өндірістік тұтыну: 579 514 тоннадан 604 065,5 тоннаға дейін артады.
Халық тұтынуы: 2 140 911 тоннадан 2 517 686,4 тоннаға дейін көтеріледі.
Жан басына шаққандағы тұтыну: 105 кг-нан 123,3 кг-ға дейін өседі. Бұл ішкі нарық үшін қолжетімділіктің артқанын көрсетеді.
- Кесте Қазақстандағы картоптың ресурстар мен пайдаланым теңгерімі (тонна)
2. кесте ҚР картоптың ресурстар мен пайдаланым теңгерімі (тонна) | ||||||
Жылдар | Экспорт | Импорт | Өндіріс | Шығындар (10%) және өндірістік тұтыну (12%) | Халықтың тұтынуы | Жан басына шаққандағы тұтыну |
2022 | 241 756 | 52 923 | 4 080 473 | 897 704 | 3 891 640 | 196 |
2023 | 411 533 | 61 960 | 2 046 772 | 450 290 | 1 697 199 | 84 |
2024 | 565 250 | 71 551 | 2 634 610 | 579 514 | 2 140 911 | 105 |
2025 | 473 818,6 | 245 120 | 2 745 752,5 | 604 065,5 | 2 517 686,4 | 123,3 |
Ескерту: *болжамды бағалар ** статистика — 2025 жылғы қаңтар—шілде айлары, фитосертификаттар және орташа мәндер Халықтың саны — 20 407 844 тамыз, 2025 жыл |
Жедел ақпарат:
Қазіргі уақытта нарыққа жаңа шыққан — жергілікті пияз бен картоп өнімі.
Оңтүстік өңірлердегі қуаңшылық және солтүстіктегі артық ылғалға байланысты өндіріс көлеміне түзету енгізілуі мүмкін.
Қазіргі таңда жеткізілімде іркілістер қаупі жоқ, ұсыныс тұрақты, бағалар да тұрақты.
Алдағы уақытта пияз бен картоп бойынша ағымдағы жағдайдың шолуы, нарықтық деректер мен сауда стратегиясына ұсыныстар жарияланып отырады.
Әдістемелік түсіндірмелер
Кезең:
Теңгеріміді есептеулерде күнтізбелік жыл қолданылды.
Өндіріс
Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) деректері пайдаланылды.
ҰСБ 2023 жылы шаруа қожалықтары, фермерлік және жеке қосалқы шаруашылықтарға қатысты өсімдік және мал шаруашылығы статистикасының кейбір көрсеткіштерін қайта қарағанын атап өткен жөн. Соның нәтижесінде ресми статистикалық деректердің нақтылығы артты. Осыған байланысты 2022 жылдан бастап деректерді негізге алып, 2025 жылғы мәліметтерді анықтамалық ретінде қарастыру қажет.
Өткен жылғы қалдықтар:
Пияз бен картоп 12 айдан артық сақталмайды, әрі есептік кезең егін жинау уақытына сәйкес келгендіктен, теңгерімге ауыспалы қалдықтар енгізілмейді.
Өндірістік тұтыну мен шығындар:
Картоп пен пияздың теңгерімді есептеулері кезінде өндірістік тұтыну мен шығындарды бағалау үшін ФАО (БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) ұсынымдары мен халықаралық тәжірибе негізінде есептелген коэффициенттер қолданылды:
Шығындар:
ФАО әдістемесі жабдықтау тізбегінің әртүрлі кезеңдеріндегі шығындарды бағалауды қарастырады. Оған сақтау, тасымалдау және қайта өңдеу кезеңдері кіреді. Статистикалық деректер болмаған жағдайда орташа мәндер қолданылды:
Пияз:
жалпы өнімнің 7%-ы (құрғау, сақтау кезіндегі бүліну және шіру).
Картоп: жалпы өнімнің 10%-ы (шіру, механикалық зақымдану және құрғау).
Өндірістік тұтыну:
Өндірістік тұтынуға өнімді тұқымдық мақсатта, мал азығына және өнеркәсіптік қайта өңдеуге пайдалану жатады. Нақты деректер болмаған жағдайда мынадай орташа коэффициенттер қолданылды:
Пияз: жалпы өнімнің 5%-ы (тұқым және қайта өңдеу).
Картоп: жалпы өнімнің 12%-ы (тұқым және қайта өңдеу).
Тұтыну:
Тұтыну мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
<Тұтыну> = <Өндіріс> + <Импорт> – <Экспорт>
Жан басына шаққандағы тұтыну:
Жан басына шаққандағы тұтынуды есептеу үшін маркетингтік жылдың екінші бөлігіне сәйкес келетін күнтізбелік жылдың басындағы халық саны жөніндегі БНС деректері пайдаланылды.