ЖаңалықтарИнфографика
Тренд

Дәнді, майлы және бұршақ дақылдарын өндірушілер үшін сауда стратегиясы бойынша ұсынымдар 13.10.2025

Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі.

Дәнді дақылдары

HI-Pro бидайының бағасы өсті, ал арпаның құны төмендеді. Баға өзгеруінің факторлары: бірінші жағдайда – сапалы бидайдың шектеулі ұсынысы, екінші жағдайда – импорттаушылардың арпаға қызығушылық танытпауы және Иран бағытының уақытша жабылуы.

тг/кг, ҚҚС-пен,  элеватордан Ағымдағы орташа баға (элеватор) Өзгерістер Ұсынымдар Ең жоғары Ең төменгі
жұмсақ бидай 3 кл, 28 клк + 122 +5 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 145
жұмсақ бидай 3 кл, 25 клк дейін 94 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 100
жұмсақ бидай 3 кл ,23 клк дейін 85 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 95
жұмсақ бидай 4 кл, 20 клк дейін 77 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 92
жұмсақ бидай 5 кл, 17 клк дейін 68 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 84
арпа 2 кл 75 -2 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 90
Қатты бидай (прот 14+) 94 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 110
Қатты бидай(прот 15+) 107 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 130 90

Қызылмен – бір аптада төмендегені,  жасылмен – көтерілгені, барлық бағалар – жаңа егіндік кезеңіне

 

Майлы/Бұршақ

Зығырдың бағасы килограмына 8 теңгеге төмендеді. Қазір зығыр тоннасына 220-225 мың теңге (ҚҚС-пен бірге) деңгейінде ұсынылуда, трейдерлердің пікірінше, бұл бұрынғы 250 мың теңгеге қарағанда әділ баға.

Ал алтын түсті зығырдың бағасы көтеріліп, қазіргі құны тоннасына 420-430мың теңге (ҚҚС-пен бірге) шамасында.

Трейдерлердің айтуынша, «Тайынша май» компаниясы рапсты тоннасына 240 мың теңгеден (ҚҚС-пен бірге), майлығы 45-47 пайыз болатын өнім түрінде сатып алуда.

Күнбағыс бойынша әзірге нақты баға жоқ, «Шымкент май» компаниясы жеткізілуімен бірге тоннасына 220-230 мың теңгеден қабылдап жатыр.

Жасымықтың жасыл түрі 20 теңгеге арзандады. Операторлардың айтуынша, жасыл жасымық нарықта байқалмайды және оған сұраныс та жоқ.

тг/кг, ҚҚС-пен,  элеватордан Ағымдағы баға Өзгерістер Ұсынымдар Ең жоғары Ең төменгі
зығыр 231 -8 САТУ 310
Рапс 228 САТУ 250
Күнбағыс 230 САТУ 260
Сафлор 164 САТУ 230
Соя 214 САТУ 225
Қыша қара/ақ САТУ
Бұршақ (сары)* 100 САТУ 145
Жасымық қызыл** 150 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 265
Жасымық жасыл (ірі тар) ** 240 -20 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 450

*-жоғары сапаҒА  ие солтүстік өңірледе, **-ҚҚС-сыз жаңа егінді КЕЗЕҢ курсивпен көрсетілген

 

Түсіндірме:

Ағымдағы баға –  келісімшарттар жасалатын элеваторда немесе вагонда ҚҚС қоса есептегенде Қазақстан ішіндегі орташа межеленген бағалар.  Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне, жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.

Ұсыныстар: стоп-сауданы неғұрлым тиімді бағаларға дейін тоқтата тұру ұсынылады; қажет болған жағдайда сату (техникалық, қаржылық); сату – тауарды сату ұсынылады, өйткені жақын арада қолайлы перспективалар күтілмейді.

Ең жоғары — бұл аталған брошюра авторларының ағымдағы сауда маусымында  жетуі мүмкін сияқты көрінетін бағаның жоғарғы шегі. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.

Ең төменгі  — бұл ағымдағы маусымда қол жеткізе алатын бағаның төменгі шегі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button