ЖаңалықтарСұхбат
Тренд

Еңбек адамы. Қазақстанның балық шаруашылығының болашағын қалыптастырып жүрген ғалым

Асылбекова Сәуле – «Балық шаруашылығы және аквашаруашылық» мамандығы бойынша еліміздегі тұңғыш әрі жалғыз биология ғылымдарының докторы.

Ол білімін Астрахань техникалық балық өнеркәсібі және шаруашылығы институтында «ихтиолог-балық өсіруші» мамандығы бойынша алған. 1990 жылдан бастап Ұлттық балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығымен тығыз байланыста еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде аға лаборанттан бастап бас директордың бірінші орынбасары қызметіне дейінгі кәсіби жолдан өтті.

2006 жылы Сәуле Асылбекова «Жыртқыш балық түрлерін жерсіндіру нәтижесінде Балқаш көлі ихтиоценоздарының өзгеруі» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі болып сайланды, ал 2023 жылы «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Көп жылдар бойы оның ғылыми қызметі саланың негізгі міндеттерімен — Қазақстанның балық ресурстарын сақтау, молайту және тұрақты дамыту, аквашаруашылықты дамыту, ғылыми зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізумен тығыз байланысты. Оның ғылыми жетекшілігімен отандық балық шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламалар мен гранттық жобалар іске асырылуда.

Сәуле Асылбекова 400-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Олардың қатарында ғылыми мақалалар, әдістемелік ұсынымдар, 8 монография мен оқулық және 70-тен астам өнертабыстар мен пайдалы модельдерге берілген патенттер бар. Оның еңбектері өндірістік тәжірибеде және білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып келеді.

Сауле Асылбекова — ФАО сарапшысы, балық ресурстарын тұрақты басқару және аквашаруашылықты дамыту бағытындағы халықаралық жобаларға қатысады.

Сауле Жәңгірқызының ғылыми өмірбаяны — кәсіби көшбасшылықтың, ғылымға адалдықтың және ұлттық мүддеге қызмет етудің жарқын үлгісі. Оның балық шаруашылығы мен аквашаруашылықты дамытуға қосқан үлесі Қазақстанның аграрлық ғылымы тарихында ерекше орын алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button