Жаңалықтар
Тренд

Соңғы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 1,5 есе өсті

Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперациясы тұрақты дамып келеді. Үкімет ауыл шаруашылығы кооперациясына бағытталған кешенді ынталандыру шараларын жүзеге асырады. Олардың қатарында, барлық мемлекеттік қолдауға тең қолжетімділік, салықтық жеңілдіктер, ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу кезінде қосымша ұпай беру, фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылық өкілдерін (ЖҚШ) білім тарату орталықтары базасында оқыту бар, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

2023 жылдан бері ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама аясында ауылдық елді мекендер мен шағын қала тұрғындарының бизнес-жобаларын 2,5% мөлшерлемемен 5 жылға дейінгі мерзімге, ал мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейін несиелеу және лизинг беру қарастырылған. Кооперативтер үшін қаржыландыру көлемі ұлғайтылған.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау ережелері аясында субсидиялау шарттары жеңілдетілген. Мәселен, жеке шаруа қожалықтарынан кооперативтер үшін кейбір бағыттар бойынша тіркеу нөмірі мен ауыл шаруашылығы жерінің болуы талап етілмейді. Жүйелі мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 2019 жылы 2 840-тен 2024 жылы 4 465-ке дейін, яғни 1,5 есе артты.

Мемлекет басшысының АӨК-тегі кооперацияны дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жер ресурстары мен инфрақұрылымға қажеттілікті анықтау, агрокомпетенцияны арттыру, жобаларды сүйемелдеу және басқа да шараларды қамтитын кешенді іс-шаралар әзірленді.

2029 жылға дейін кооперацияны дамытуды ынталандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Құжатта үздік тәжірибелерді тарату, кооперативтерді оқыту және сүйемелдеу, сондай-ақ фермерлер мен шаруа қожалықтары үшін түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу қарастырылған.

Кооперацияның ұзақмерзімді дамуы үшін асырау және өнімдік бағыттағы кооперативтерді субсидиялау және жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері енгізіліп жатыр. 2025 жылғы қыркүйекте «Аграрлық несиелік корпорация» желісі бойынша бордақылау алаңдарына айналымдық қаражатты толықтыруға ншік түріне қарай шектеусіз 5% мөлшерлемемен 12 айға дейінгі мерзімге ме жеңілдетілген бағдарлама іске қосылды.

Мал шаруашылығын кешенді дамыту жоспары аясында несиелерді кепілдендіру тетігін енгізу және несие мерзімін 15 айға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, бұл қаржыландырудың қолжетімділігін арттырады. Сондай-ақ тіркеу нөмірін алу үшін ветеринарлық-санитарлық талаптарды жеңілдету қарастырылған, бұл қолдау бағдарламаларына қатысушылардың санын арттырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button