Жаңалықтар
Тренд

Ауыл шаруашылығы министрлігінде қызметкерлерге арналған құқықтық жалпы оқу өткізілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлеріне, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен Комитеттерінің өкілдеріне арналған құқықтық жалпыоқу өткізілді.

Іс-шара құқықтық насихат жүргізудің бекітілген жоспарына сәйкес Заң қызметі департаменті тарапынан ұйымдастырылды.

Жалпыоқудың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ нормативтік шығармашылық және талап-арыз жұмысының сапасын жетілдіру.

Нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, келісу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің өзекті мәселелері қаралды. ҚР Конституциясының жаңа редакциядағы жобасы бойынша түсіндірмелер беріліп, Министрліктің 2025 жылға арналған талап-арыз жұмысының қорытындылары шығарылды.

Осындай іс-шараларды өткізу бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыруға, нормативтік құқықтық актілерді дайындау сапасын арттыруға және Министрлік жүйесіндегі құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button