Жаңалықтар
Тренд

Үкіметте шаруаларға түсетін қаржылық жүктемені азайту шаралары қаралды

Премьер-министр Олжас Бектенов агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды, оның ішінде астық тасымалдауды қаржыландыру мен қаржы ресурстарының қолжетімділігін кеңейтуді тапсырды.

«Шаруаларға қаржылық жүктемені азайту мақсатында Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктері астық тасымалдауға байланысты шығыстарды қосымша қаржыландыру мәселесін шешуі қажет.
Мал және өсімдік шаруашылығы салалары бойынша қарыздарға кепілдік беру құралын іске асыру үшін Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне және «Бәйтерек» холдингіне қажетті қаражат көздерін қарастыруды тапсырамын»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр қаржы ресурстарының қолжетімділігін кеңейту тұрғысында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға инвестициялық мақсаттар мен айналым қаражатын сатып алу үшін агроөнеркәсіп кешен субъектілерін қаржыландыруға мүмкіндік беру қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктері Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, екі апта ішінде Үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізуді тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button