Жаңалықтар
Тренд

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жетісу облысының тұрғындарымен кездеседі

2026 жылғы 17 сәуірде орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Жетісу облысының тұрғындарымен, оның ішінде өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.

Күн тәртібі – «Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар».

Кездесу сағат 11:00-де Талдықорған қаласы, Қаратал шағын ауданы, 36Б мекенжайында өтеді.

Барлық мүдделі азаматтарды кездесуге қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпаратты +7 (7172) 555-765 Асия Нұрпейісова телефоны арқылы алуға болады.

Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды targynova.k@minagri.gov.kz электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button