Жаңалықтар

Қызылорда облысында күріш қымбаттауына байланысты алты өндіруші тексеріліп жатыр

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аймақтық департаменті күріш өңдеуші 6 кәсіпорынға қатысты бағаны көтерудің негізділігіне тексеру тағайындады, деп хабарлайды basagro.kz.
Қалған кәсіпорындар облыстағы әлеуметтік дүкендерде сату үшін күріштің келісін 420 теңгеден 350 теңгеге дейін төмендетуге келісті.

«Жергілікті атқарушы органдар мен «Байқоңыр» ӘКК арасында әлеуметтік дүкендерде күріштің келісін 350 теңгеден аспайтын бағамен сату мәселесі қарастырылып жатыр», — деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.

Қаржы мониторингі агенттігі облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қадағалап, талдау жүргізеді. Осылайша аналитикалық топ 9 ірі күріш өндірушілердің баға белгілеуіне талдау жасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button