
Осы күні, 1992 жылы, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен бірлігінің айқын белгісі. Олар халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырып, мемлекетіміздің негізгі құндылықтарын дәріптейді. Сонымен қатар, Отанымыздың болашағына деген жауапкершілік сезімін нығайтады.



