Жаңалықтар
Тренд

Аңыз өлекедегі жарыс: Қозы Көрпеш – Баян сұлу кесенесі маңында жүгіруден жарыс өтеді

Абай облысы, Аягөз ауданының Тарлаулы ауылы іргесінде үлкен спорттық шара жалауын желбіретпек. Махаббат пен адалдықтың символы болған қос ғашық — Қозы Көрпеш пен Баян сұлу кесенесінің маңында жүгіруден марафон өтеді. Бұл жарыс тек салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, тарихи-мәдени мұрамызды жаңғыртуды көздейді.

Тарихи орындарда спорттық шаралар ұйымдастыру — жастардың бойында отаншылдық рухты оятады. Ұлы даланың төсінде, киелі мекенде жүгіру әр қатысушыға ерекше күш пен шабыт сыйлайтыны анық. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар, жүгіруді жаны сүйетін әуесқойлар да қатыса алады.

Бұл ауқымды спорттық мерекенің жоғары деңгейде өтуіне KAZ Minerals Тобы тікелей мұрындық болып отыр. Компания тек өндірісте ғана емес, елдің әлеуметтік өмірінде де көшбасшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміздің экономикалық қуатын арттырып отырған алпауыт компанияның мұндай мәдени және спорттық жобаларға қаржы салуы — нағыз отаншылдықтың көрінісі. KAZ Minerals тобының бұл қадамы басқа да ірі бизнес өкілдеріне үлгі болуға лайықты.

Ендеше, жарыс жолында кездескенше!

Ұлы даланың тарихымен тыныстап, денсаулықты шыңдауға мүмкіндік беретін бұл жарыс өңір өміріндегі ерекше оқиға болмақ. Осындай игі шараға қолдау көрсеткен Аягөз аудандық әкімдігіне және ақпараттық серіктес BASNEWS алғыс айта отырып, барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Көк туымыз желбіреп, ұлттық рухымыз асқақтай берсін!

Жарыс 2026 жылдың 11 шілде күні сағат 9:00 басталады.

Жарыстың қашықтықтары: 1, 2, 3, 4 және 5 км.

Жеңімпаздарға ақшалай жүлде тағайындалған. Қосымша ақпарат және тіркелу elsport_kz инстаграмм парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button