Жаңалықтар
Тренд

Ыстанбұл 2026 жылы әлемдік деңгейдегі спорттық шаралардың басты алаңына айналды

Бүгінде әлемдік туризм индустриясында «спорттық саяхат» концепциясы қарқынды дамып келеді. Саяхатшылар демалыс орнын таңдауда тек тарихи мен мәдени нысандармен шектелмей, ірі спорттық шараларға қатысу немесе оларды өз көзімен көру мүмкіндігіне басымдық береді. Салалық зерттеулерге сәйкес, соңғы жылдары спорттық оқиғаларға арналған брондау көрсеткіші 37 пайызға жуық өскен.

Осы орайда бай тарихы мен заманауи ырғағын ұштастырған Ыстанбұл қаласы 2026 жылы халықаралық спорттық оқиғалардың жаһандық орталығына айналды. Мамыр айында өткен УЕФА Еуропа Лигасының финалынан кейін шаһарда Волейболдан әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатыTour of İstanbulL’Étape Türkiye велосипед жарыстары және Президенттік халықаралық яхта регатасы сияқты ауқымды турнирлер өтеді. Бұл іс-шаралар әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар мен жанкүйерлердің басын қосады.

Ыстанбұлдың бай спорттық күнтізбесі 2026 жылдың 23 тамызында өтетін 38-ші Босфор құрлықаралық жүзу жарысымен толыға түспек. Босфор бұғазының ерекше панорамасында өтетін бұл бірегей оқиға қатысушыларға Азиядан Еуропаға қарай жүзіп өтуге мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік ашық суда жүзу ассоциациясы (WOWSA) тарапынан «Әлемдегі ең үздік ашық суда жүзу оқиғасы» деп танылған дода жыл сайын бес құрлықтан мыңдаған спортшы мен жанкүйерді Ыстанбұл жағалауына жинайды. Биыл Босфор бұғазының Азия жағалауындағы Канлыджа ауданынан бастау алып, Еуропа жағалауындағы Куручешмеде аяқталатын 6,5 шақырымдық қашықтыққа 78 елден келген 2 500 жүзгіш қатысады.

Босфордың ағысымен күрескен спортшылар өздерінің физикалық және психологиялық мүмкіндіктерін сынайды. Олар үшін бұл жай ғана жарыс емес, Азия мен Еуропа арасында жүзіп өтіп, Ыстанбұлдың тарихи көрінісін тамашалаудың бірегей мүмкіндігі. Ал жағалаудағы көрермендер спорттың біріктіруші күшін паш ететін ұмытылмас сәтке куә болады.

Мынжылдық мұрасы бар АясофияТопкапы сарайы мен Базилика цистернасы сияқты тарихи ескерткіштері, бай гастрономиясы және Босфор көрінісімен миллиондаған туристі тартатын Ыстанбұл бұл күнде спорттық инфрақұрылымымен де ерекшеленіп отыр. İGA Ыстанбұл әуежайы мен Сабиха Гөкчен әуежайы арқылы әлемнің кез келген нүктесімен тиімді қатынас орнатылған шаһар халықаралық шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға толықтай қабілетті.

Аясофия

Мұндай жоғары дайындық пен тәжірибе Ыстанбұлдың болашақ жоспарларынан да көрінеді. Қала таяу жылдары Formula 1® Түркия Гран-приі 2027 мен 4-ші Еуропа ойындары сияқты әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарды қабылдауға дайындалып жатыр. Осылайша, спорттық саяхат пен бай мәдени мұраның тоғысуы Ыстанбұлды жаһандық туризм картасындағы ең тартымды бағыттардың бірі ретінде айшықтай түседі.

Formula 1® Түркия Гран-приі 2027

Басқа жаңалықтар

Back to top button