
Түркияның туристік астанасы Анталья қаласында 9–20 қараша аралығында өтетін бұл ауқымды саммит Түркияның алғашқы төрағалығымен және ұйымдастыруымен жүзеге асады. Саммиттте тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығынан бастап энергетика, климаттық қаржыландыру және жасанды интеллектке дейінгі 12 басым бағыт бойынша 100-ге жуық күн тәртібі қаралады.
Бразилияда өткен COP30 келіссөздерінен соң мандатқа ие болған Түркия өз кезегінде бұл ауқымды жиынды «Болашақтың COP саммиті» деп атайды. Анталья EXPO орталығында 200-ге жуық елдің мемлекет басшылары, саясаткерлер, бизнес өкілдері мен азаматтық қоғам өкілдері бас қосып, нақты шешімдерді талқылайды.
Идеядан іске: 12 басым тақырыптық күн
Саммит күнтізбесі бойынша әр күн белгілі бір климаттық бағытқа арналады. Саммит 9 қарашада «Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және денсаулық» тақырыбымен ашылып, екінші күні энергетикалық қауіпсіздік пен инфрақұрылымды қамтитын «Энергетика және транспорт» тақырыбына ұласады.
Бағдарламаның ең басты оқиғасы — 11–12 қараша күндері өтетін Әлем көшбасшыларының климаттық саммиті. Екі күндік көшбасшылар форумының бірінші күні «Нөлдік қалдық» (Zero Waste), ал екінші күні «Төзімді қалалар мен инфрақұрылым» тақырыбына арналады.
Алдағы күндері «Қаржы және сауда», «Балалар, жастар, білім және дағдылар», «Ғылым, өнеркәсіп және технологиялар», «Мұхиттар, теңіздер, табиғат және жер ресурстары», «Адам, әлеуметтік даму және гендерлік теңдік» және «Імедже» (жаһандық ынтымақтастық) бағыттары бойынша министрлік деңгейіндегі форумдар өтіп, соңғы күн қорытынды келіссөздерге арналады.
Орнықты туризм арқылы климаттық дипломатияны дамыту
Саммит аясында Түркия Мәдениет және туризм министрлігі мен Түркия туризмді жылжыту және дамыту агенттігі (TGA) бірлесіп, орнықты туризм бойынша жоғары деңгейдегі сессиялар сериясын өткізеді.
18 қарашада Көгілдір аймақта (Blue Zone) Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Надир Алпаслан мен БҰҰ Туризм атқарушы директоры Шижун Людің қатысуымен «Туризмдегі климаттық шешімдер: көміртегі аз, нөлдік қалдық және төзімді бағыттар» атты панель өтеді. Онда Түркияның Глобалдық орнықты туризм кеңесімен (GSTC) ынтымақтастықта әзірленген Ұлттық экологиялық және мәдени тұрақтылық бағдарламасы таныстырылады.



