Жаңалықтар

Дайрабаевтың ұлдары құлпынай үшін сотталды

Кеше Тараз қаласының №2 соты алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыптап, үкім шығарған екі күдіктінің Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары екені белгілі болды, деп хабарлайды basagro.kz.

Еске ала кетейік, Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының өсімдік шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Ерлан Құлкеев, кәсіпкерлер Елжан Елібай, Дидар Молдақалық және Марат Дайрабаев субсидия қағидаларын бұза отырып, «Альбион» құлпынай көшеттеріне мемлекеттен субсидия алған.

Оның бір бөлігі алаяқтық жолмен ұрланып, жеке қажеттілігіне жұмсалған. Мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде залал келді.

Осының ішінде Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаев — Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары.

Сотта айыптылардың кінәсі толық дәлелденді.

Өз кезегінде сотталушылар кінәсін мойындамай, ақтауды өтінді.

Басқарма басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев 6 жылға сотталды, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ете алмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button