Жаңалықтар

Мемлекеттік шекара арқылы жүк көлігін өткізу үшін 3 АЕК алынады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемдердің мөлшерін айқындау туралы» бұйрықтың жобасын дайындады, деп хабарлайды basagro.kz.

Бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі деп жоспарлануда.

Жобаға сәйкес ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы жүк автомобильдерін, оның ішінде тіркемелері бар жүк көліктерін және ершікті тартқыштарды өткізу үшін 3 АЕК мөлшерінде ақы белгілеу ұсынылады. Бұл ретте төлемді есептеу үшін тиісті жылға арналған «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш қолданылатын болады.

Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды және 2023 жылғы 25 сәуірге дейін жария талқылауда болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button