Жаңалықтар
Абай облысында алғаш рет саңырауқұлақтар өсіріле бастады
Абай облысы Көкпекті ауданының жас кәсіпкерлері Руслан Губанов пен Айдын Қамшыбаев ауданда бұрын болмаған жаңа кәсіп түрі — саңырауқұлақ өсірумен айналыса бастады, деп хабарлайды basagro.kz.
Айына шамамен 880 келі өнім алу жоспарлануда.
Олар биылғы жылы бұл кәсіпті қолға алып, аудан тұрғындарын саңырауқұлақтармен қамтамасыз етуге дайын.
Бүгінгі күні 110 саңырауқұлақ блогында саңырауқұлақтар өсуде. Әрбір блоктан айына 8 кг өнім алуға болады. Қазіргі таңда олар саңырауқұлақтың «Королевская вешенка» сортын өсірумен айналысуда.
Жас кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, 2,5 % несие алып, саңырауқұлақтың тағы 6-7 түрін өсіріп, кәсіптерін ары қарай дамытуды жоспарлап отыр.