Жаңалықтар

Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы: жердің құнарлылығын 20 жыл бойы күзетуде

Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы өзінің мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды basagro.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Фото: ҚР АШМ

Тиімді егіншілік пен сапалы ауылшаруашылық өнімдерінің маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Жиырма жылдан бері Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ресурстарды ұтымды пайдалануды және жердің құнарлылығын сақтауды қамтамасыз ете отырып, елдегі ауыл шаруашылық саласын дамуының басты катализаторы болып табылады.

Фото: ҚР АШМ

Республикадағы агрохимиялық қызмет жүйесі 4 облыстық филиал, 7 зертхана және орталық аппарат желісімен ұсынылған.

Ұйымның мерейтойына орай салтанатты жиналыс өтті. Орталықтың үздік қызметкерлері «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» медальдарымен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараға ауыл шаруашылығы министрлігінің, агротехникалық жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ салалық компаниялардың басшылығы қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button