Жаңалықтар

Алматы облысы жеміс-жидек өсіру бойынша үздік үштікке кірді

Экономиканың басты бағытының бірі – ауыл шаруашылығы саласында Алматы облысы 9,6% үлеспен республикада  3-орынға ие. Өңірі сары өрік, алма, алмұрт, жүгері, жүзім, картоп, көкөністер, соя және күріш өсіруден алғашқы үштікке кіреді, деп хабарлайды Басагро.

Жыл бойы өнім алуды қамтамасыз ету үшін жылыжай кешендері мен сақтау қоймалары көбейтілуде. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 85 га болатын 55 жылыжай, қуаттылғы 130 мың тонна болатын 71 сақтау қоймасы бар.

Биыл барлық егіс алқаптары 3,2 мың гектарға ұлғайып, 457,4 мың гектарды құрады.

Ауыл шаруашылығына жыл басынан бері 36,6 млрд. теңге инвестиция тартылып, 8 жоба іске асырылды. 472 жұмыс орны ашылды.

Анықтама. 1) «Прима Құс» — қуаттылығы 17,5 мың тонна; 2) 1,1 мың басқа арналған 2 МТФ; 3) 1 мың басқа арналған бордақылау алаңы; 4) балық шаруашылығында 4 жоба.

Биыл аграрлық салаға 57,9 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. оның ішінде субсидиялар — 34,6 млрд. теңге, ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде облыста 8,3 млрд.теңге, АӨК (тауарлы сүтті фермалары) саласындағы инвестициялық жобаларды кредиттеуге – 15,0 млрд. теңге көзделген.

Ауыл шаруашылығының дамуына қарқын беретін бағыт – пайдаланылмайтын жерлерді қайтарып, айналымға қосу. Облыс бойынша 604,5 мың гектар осындай жерлер анықталып, оның 181 мыңы (29,9%) қайтарылды.

Ауылды жерлердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 21,2 млрд. теңгеге 61 елді мекенде 86 жоба іске асырылуда. Биыл 73-і аяқталады.

Анықтама: бір мектепті күрделі жөндеу, 4 спорт кешенін салу, 2 мәдениет үйін салу, 7 жоба — сумен жабдықтау, 3 жоба – жылумен жабдықтау, 14 жарықтандыру, 38 ауылдың кентішілік жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталады.

Нәтижесінде ауылдардың өңірлік стандарттарға сәйкес әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз етілуі 68%-ға жетеді (2022 ж. — 65,6%).

Басқа жаңалықтар

Back to top button