Жаңалықтар

Ақылбек Күрішбаев аграрлық ғылыми-зерттеу институтын басқарады

Сенат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылған Ақылбек Күрішбаев аграрлық саладағы ғылыми-зерттеу институтын басқаратын болады. 

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, біздің еліміз – аграрлық мемлекет. Біздің болашағымыз мұнайға емес, аграрлық саланың дамуына байланысты. Сондықтан, алдағы жылдары Президент саясатының шеңберінде ауыл шарушылығы саласында үлкен серпіліс болады. Оны бәріміз білеміз және түсінеміз. Ондай серпіліс болу үшін бізге жаңа форматтағы кадрлар керек жаңа технологияларға ауысуымыз керек. Ол үшін мемлекетімізде халықаралық деңгейдегі белгілі шетелдің ғалымдарымен бірге заманауи ғылыми зерттеу университеті құрылады. Осы Президенттің жобасын іске асыруға сіздерден рұқсат сұрап, бара жатырмын», — деді Ақылбек Күрішбаев бүгін Сенаттың жалпы отырысында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button