Жаңалықтар

АШМ бидайды Қазақстанға әкелуге тыйым салу мен шектеулерді ұзартады

Бидайдың «сұр импортын» болдырмау үшін 2023 жылғы 26 қыркүйектегі ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен ағымдағы жылдың 11 қазанынан бастап 6 ай мерзімге Қазақстан аумағына автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салу ұзартылды, хабарлайды Basagro.kz ҚР АШМ сілтеме жасай отырып.

Бұдан басқа, 2023 жылғы 26 қыркүйектен бастап лицензияланған элеваторларға, сондай-ақ астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарына арналған астық импортын қоспағанда, темір жол көлігімен бидай әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салынды.

Лицензияланған элеваторлардың тізбесі https://p-grain-receipt.qoldau.kz/ru/gr-info/granaries және АШМ сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/525882?lang=kk орналастырылған. Астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізімін «Атамекен» ҰКП қалыптастырады және өзектендіреді.

Айта кетейік, темір жол көлігімен әкелуге енгізілетін шектеулер Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдарға қолданылмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button