Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы жөніндегі еурокомиссарды агрофирманың қызметімен таныстырды

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мен ауыл шаруашылығы жөніндегі Еуропалық комиссар Януш Войцеховский Ақмола облысындағы «Родина» агрофирмасына барды.

«Родина» агрофирмасы-бұл өнімді өндіруде, сақтауда және сатуда заманауи технологиялар қолданылатын көп салалы дамыған ауыл шаруашылығы құрылымы. «Родина» агрофирмасы өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында маманданған.

Еурокомиссар Януш Войцеховскийдің «Родина» агрофирмасына сапары аясында заманауи сүт өңдеу зауытының қызметімен таныстырылды. Зауыт жоғары технологиялық жабдықтарды және шикізатты өңдеудің озық еуропалық технологияларын қолданады.  Өнімдер ассортиментінде сүт, айран, қаймақ, ряженка, сүзбе, май шығарылады.

Айта кету керек, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту үшін қазір Қазақстанда СҚО тәжірибесін масштабтау бойынша жоба іске асырылуда, осылайша республика бойынша 65 СТФ құрылысына 100 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ, олар агрофирманың егістік алқабы бар екенін айтты, Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге өте ыңғайлы. Осыған байланысты, вице-министр Аманғали Бердалин көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу кезінде фермерлерге мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты.

«Бүгінгі күні елімізде көктемгі егіс жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жалпы облыс әкімдіктерінің деректері бойынша ағымдағы жылы жалпы егіс алқабы 23,8 млн га құрайды. Қазыргі уақытта 15,3 млн га немесе жалпы егіс алқабының 73% егілді. Бұл жұмыстар үшін мемлекет тарапынан алғаш рет 5% жеңілдікті мөлшерлеме бойынша 400 млрд теңгеге дейінгі көлемде қосымша қаражат бөлінді. Ол «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша бөлінеді және «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ филиалдары, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейдегі банктер арқылы іске асырылады. Бұдан басқа, арзандатылған дизель отыны, аванстық субсидиялау тетігі шеңберінде фермерлерге тыңайтқыштар және т.б. шаралар қарастырылған»,-деді вице-министр.

Сондай-ақ, Януш Войцеховскийге осы өңірдегі азық-түлік дүкендері көрсетілді, ондағы тауарлардың көбісі «Родина» агрофирмасында өндіріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button